Бейнелеу өнері мен сызудан Шымкент қаласының мектеп оқушылары арасындағы олимпиада бейнелеу өнеріндегі дарынды балаларды анықтап, одан әрі кәсіби бағдарлық бағыт беру, оқушылардың эстетикалық мәдени деңгейін арттыру мен насихаттау, түрлі қызмет саласындағы дизайнды кеңінен таныту мақсатында, 2015 жылғы 4 сәуірде «Мирас» университетінің базасында өтті. Олимпиаданы «МИРАС» университетінің атынан «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасы Шымкент қалалық білім беру бөлімімен бірлесе ұйымдастырды.
ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
- Білім алушылардың креативтік-аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
- Шығармашылық әлеуетті барынша ашуға қажетті жағдайларды жасау;
- Одан әрі қарайғы зияткерлік даму мен кәсіби қызметке бағдар алған дарынды және талантты оқушыларды анықтау;
- Білім алушылардың жемісті көркем-шығармашылық қызметін белсендендіру, сондай-ақ дизайн саласында одан әрі дамуы мен кәсіби бағдар алуын қолдау.
Әділқазылар алқасының құрамына «МИРАС» университетінің, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының өкілдері, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының және Дизайнерлер Одағының мүшелері енді.
Бейнелеу өнері және дизайн бойынша әділқазылар алқасының құрамы
- Рафикова Н.В. – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Мирас» университеті, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, әділқазылар алқасының төрағасы.
- Скорикова Н.Н. – ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мирас» университеті, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы.
- Головлёва О.В. – «Радуга» мектеп-студиясының Балалар мен Жасөспірімдер орталығы МКҚК-ның Бейнелеу және дизайн жөніндегі оқытушысы.
- Бородулина Л.Ю. – «Мирас» университеті, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы.
- Жолдасова А.Ш. – «Мирас» университетінің аға оқытушысы.
Сызу
- Нұртаев Ю.А. – ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мирас» университеті, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, әділқазылар алқасының төрағасы.
- Павлов А.Н. – ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі.
- Минигулова М.Р. – ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мирас» университеті, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы.
- Миронова Т.Г. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Сәулет және дизайн» кафедрасының оқытушысы.
- Қадырқұлов Н.Х. – БКМ сызу, бейнелеу пәндерінің мұғалімі, олимпиаданың жауапты хатшысы.
- Жолдасова А.Ш. – «Мирас» университеті, «Дизайн және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы.
Ұйымдастыру комитеті
- «Мирас» университеті
- Ажидинов А.С. – т.ғ.к., «Мирас» университетінің ректоры.
- Ходжабаева А.П. – педагогикалық институттың кураторы.
- Жаналиева Р.Н. – х.ғ.к., «Мирас» университеті педагогикалық институтының директоры.
- Шымкент қалалық білім беру бөлімі.
- Олимпиада қатысушыларын тіркеушілер, «Дизайн» мамандығындағы студенттерден құралған кезекші топ.
Олимпиадаға қаланың 39 мектебінен 113 оқушы мен 56 мұғалім қатысты.
Мектеп мұғалімдері үшін «Өзара қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренерлер: «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары И.Тәженова, У.Әлімқұлова. Бас корпустың фойесінде «Мирас» университеті «Дизайн» мамандығындағы студенттердің шығармашылық және оқу жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Олимпиада жеңімпаздарын анықтау өлшемдері
- Шығармашылық идеяның айқындылығы, шешімнің сонылығы, көрнекілік.
- Бейнелеу, сызу, технологиялар, өнер тәрізді оқу пәндерінің базалық мазмұны негізіндегі білім кешені нысанында теориялық білімдерін, графикалық сауаттылығын, шеберлігі мен машықтарын көрсету.
- Орындалған жұмыстың дербес мәнерлілігі.
Ұсынылатын тапсырмалар Бейнелеу өнері
1 кезең: «ЭКСПО-2017 – Болашақтың энергиясы» формалды ұқсастық негіздегі композициясын құру.
2 кезең: теориялық сипаттағы тапсырма
Сызу
1 кезең: бөлшекті тікбұрышпен үлкейтіп көрсету және қарапайым кесіктерін бейнелеу тапсырмасы.
2 кезең: теориялық сипаттағы тапсырма.
Орындау құралдары: А3 қағаз, сызу аспаптары мен құрал-саймандар, акварель, гуашь, пастель, фломастерлер, тушь, қарындаш, түсті қаламдар.
Байқау қорытындысын шығару. Конкурстық тапсырмаларды орындау нәтижелерін бағалау балдық жүйемен жүзеге асырылды.
Олимпиада жеңімпаздары 1 және 2 кезеңнің байқау тапсырмаларын орындау кезінде алынған баллдардың ең жоғары жиынтықтары бойынша анықталды.
Бағалау өлшемдері.
1 кезең. Тәжірибелік тапсырма – ең жоғары балл саны – 25
2 кезең. Тесттер: ең жоғары балл саны – 25
Бейнелеу өнері және дизайн бойынша Олимпиада жеңімпаздары:
1 орын – Псарева Алина, Оқушылар сарайы, «Радуга» көркемсурет студиясы, 11 сынып
2 орын – Мамытова Айжан – №7 мектеп, 11Б сынып
3 орын – Рүстемова Малика – №14 мектеп, 10А сынып