«Дизайн» апталығы

«Дизайн» апталығы

«Мирас» университетіндегі биылғы дизайн апталығы бейресми «Арт нысан тұлға» тақырыбында өтті.

Университет холында студенттер – болашақ дизайнерлер қатысқан көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде жеке де, ұжымдық та шығармашалық жұмыстар көрсетілді.

Қойылған жұмыстардың арасында қолөнер бұйымдары, түрлі жобалар, макеттер мен басқа да көптеген нәрселер болды.

Бейнебір сиқырлағандай, дизайнерлердің шебер қолдарында кәдімгі қоқыстар өнер туындыларына айналды.

Пластик бөтелкелер ертегідегі тауысқа, теңіз балықтарына айналды.

Осылай, студенттер шығармашылық арқылы экологияны қорғауға шақырды.

Ең көрнекті жұмыстардың бірі – «Еркіндік» деп аталатын, 3D модельдеу техникасымен қағаздан жасалған қыздың мүсіні болды.

Шкафтан босап шығуға ұмтылған ол бейнебір суретшінің қалыпты шеңберден шығып, шығармашылық ойға еркіндік бергісі келетін ниетін аңғартып тұрғандай.

Бұл жұмыстың авторы – 2-ші курстың студенті Анастасия Амельченко.

Өзінің авторлық фотоеңбектерін 2-ші курстың студенті, болашақ дизайнер, жас фотограф Юлия Басистова да таныстырды.

Бір апта бойы «Дизайн» кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Реддизайн – тері аксессуарларды өрнектеу», «Бір жіппен жалғанғандар», «Тоқымалы граффити», «Хенд-арт» сияқты түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптарын өткізді.

Өнерге өзге мамандықтағы студенттер де өз үлестерін қоса алды.

Дизайнерлер лумда тоқудың техникасын ерекше әдіспен таныстырды.

Бұл жағдайда лумды қатысуға ниет білдірген студенттер қолдарының көмегімен бейнеледі.

Олар ортасына тұрып, тілек тілеуге болатын құбылмалы түрлі-түсті құбырды өріп шықты.

Біздің болашақ дизайнер-модельерлеріміздің ұйымдастырған сән көрсетілімін де атап өтпеуге болмайды.

Топтамаларда матадан ғана емес, қолда бар материалдардан, полиэтиленнен және т.б. заттардан да тігілген ғажап көйлектер мен костюмдер көрсетілді.

4-ші курс студенті Гүлбар Сатимова теріні күйдіру техникасымен қолдан жасалған ұлттық өрнек нақыштары бар авторлық костюмін таныстырды.

Дизайн апталығының соңында оның қорытындылары шығарылып, ең белсенді студенттер грамоталармен марапатталды. Одан кейін дәстүрге айналған «Дизайнерлер отшашуы» болды!

Бірақ, «Дизайн апталығы-2015» шарасын «Бейнелеу өнері мен сызудан Шымкент қаласының мектеп оқушылары арасындағы олимпиаданың» өтуі қорытындылады.

«Мирас» университетінің дизайнерлері келесі жылы тағы да бәрін таңқалдыруға уәде беріп отыр!

 

 

Мақала авторы: Голинских Виктория

Фотосуретші: Басистова Юлия

 



Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...