Жарнама агенті – студенттік нұсқа

2025 жылғы 13 қарашада «Мирас» колледжінде колледждің  20 жылдық мерейтойына арналған «Жарнама агенті – студенттік нұсқа» байқауы өтті, сондай-ақ 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара екі маңызды мерекені біріктіріп, студенттерге шығармашылық жарнамалық жобаларын таныстыруға мүмкіндік берді.

Олар өз идеяларын, дизайндық шешімдерін көрсетіп, жұмыстарын таныстыру қабілеттерін паш етті. Байқау тек таланттарды ашу алаңы ғана емес, сонымен қатар «Мирас» колледжінің мерейтойына арналған мерекелік құттықтау болды.Бұл күні цифрлық және IT-технологиялардың дамуына ерекше мән беріліп, олардың қазіргі білім беру мен кәсіби саладағы рөлі атап өтілді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды, ал қатысушылар құнды тәжірибе, шабыт және кәсіби дамуға жаңа серпін алды.