2025 жылдың 13 қараша күні «Мирас» колледжінде оқу ордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында студенттер арасында мазмұнды семинар өтті. Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы тәртіптің маңызы туралы құнды ақпараттар берілді. Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, өз құқықтары мен міндеттері жөнінде тереңірек мағлұмат алды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапты азамат ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады.





