WorldSkills Kazakhstan 2025

Біздің үлкен мақтанышымыз — “Мирас” колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген медальон иегері — Рустамова Малика! Оған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі — Харлампиди Татьяна Геннадьевнаға алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар, WORLD SKILLS KAZAKHSTAN 2025 байқауына қатысып, сертификат алған студентіміз — Ғазизқызы Асылзат, оның жетекшісі — Зинадин Айгерім Досмұханқызы да үлкен марапатқа ие болды. Колледж директоры жеңімпаздарымызды арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтап, алдағы белестерге сәттілік тіледі.

Бұл — колледжіміздің абыройын асқақтатқан үлкен мақтаныш!