Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионатында еліміздің ең үздік жас мамандары анықталды.
Біздің үлкен мақтанышымыз — "Мирас" колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген, медальон иегері - Рустамова Малика туған қаласына оралып, Шымкент вокзалынан салтанатты түрде күтіп алынды! Оның бұл табысына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген жетекшісі — Харлампиди Татьяна Геннадьевнаға ерекше алғыс! Маликаның жеңісі — еңбектің, талпыныстың және кәсіби шеберліктің нәтижесі.Бұл көрсеткіш Шымкент қаласы жастарының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.Малика мен оның жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер!


