Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауданындағы Өзбек драма театрында жауынгерлік іс-қимыл ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Әйтімбетова Гаухар Әлішқызы «Мирас» колледжінде арнайы шақыртуымен қонақта болды.«Шығыстың Алтын жұлдызы» атты кітабының колледж кітапханасына сыйға тартып, оның жазылу тарихымен бөлісті.Кітаптың алғашқы бетіне тілегі мен қол таңбасы жазылды.
«Шығыстың Алтын жұлдызы» кітабында Гаухар Әлішқызының өмірбаяны, тағдыр жолы, қайсарлығы мен ерік-жігері кеңінен баяндалған. Екі тілде жарық көрген бұл еңбек жас ұрпаққа өнеге болуды, патриоттық рухты қалыптастыруды және өмірдің қиындықтарын еңсеруге жігер беруді мақсат етеді. Кітаптың мазмұны студенттерге таныстырылып, оның қоғамдағы маңызы кеңінен насихатталады. Мұндай тағылымды еңбектер өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше рөл атқарады.



