Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы және Шымкент қаласындағы әртүрлі нысаналы топтар деңгейіндегі декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес адалдық академиялық адалдық мәселелеріне арналған, «Мирас» колледжі мекемесінің білім алушылары арасында Мемлекеттік қызмет жүйесі, кәсіби даму мүмкіндіктері тақырыбында эссе жазу жұмысын Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті пән оқытушылары ұйымдастырды.
Эссе барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – ел дамуына қызмет етудің маңызды саласы екенін, сонымен қатар жауапкершілік пен адалдықтың маңызын тереңінен түсінді. Бұл шара білім алушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт берді.

