30.04.2026 ж. күні YouTube платформасы арқылы онлайн форматта «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында мектептер мен колледждерге арналған эко-сағат өткізілді. Онлайн кездесуге Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – басқарма төрағасы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, Нұржігітов Нұржан Молдиярович – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі, Скакова Айжан Амангелдіқызы – эколог, сондай-ақ Қоғамдық палата сарапшылары қатысты.
Мұндай форматта өткізілген кездесулер студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңызын түсінуге, су ресурстарын үнемдеу дағдыларын дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.



