4 қазан 2019 жылы «Мирас» университетінде оқып жатқан шетел студенттері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық насихаттық топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қоғамдық келісім, бөлім басшысы Әлімқұлов Нұркен Құрманұлы шетел студенттеріне Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіріп, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттің тәртіптері мен талаптарын сақтауға шақырды. Шетел студенттері өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жаңалықтар
«Альфа-Банк» ЕБ АҚ қызметкерлерімен кездесу
«Әдептілік пен заң үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында пікірсайыс
2019 жылы 14 қазанда «Мирас» университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп «Әдептілік пен заң үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайысқа «Мирас» университетінің студенттері қатысты. Қазылар алқасы құрамында з.ғ.к., аға оқытушы Имашев Б. Е., аға оқытушы Шинтаева Ф. Е., Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға инспекторы Альжанова Ж. болды.
«Денсаулық сандарына жет! 2019» фестивалі
13 қыркүйек, 2019 жыл Мирас университетінің студенттері, 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының аға оқытушысы Юнусова С.Г. Шымкент қаласындағы Кен Баба этно-саябағында өткен «Денсаулық Сандарына Жет! -2019» фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. ФС-811К-1 тобының студенттері Бердикул К. және Асылхан Д. концерттік бағдарлама іс-шарасының жүргізушілері ретінде өнерлерін көрсетті.
Тренинг: «Репродуктивті денсаулық»
27 қыркүйек 2019 жылы Балаларды ЖИТС-тен қорғауға арналған қайырымдылық қорының маманы Оспанова Наркыз Отбасы академиясының «ONEGE» жобасы аясында «Мирас» университетінің студенттері арасында «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты: Жастарға репродуктивтік денсаулық туралы толыққанды түсіндіру.
Тренинг барысында студенттер тақырыпқа байланысты сауалнамалар толтырып, ситуациялық есептер шешті.
«Рухани жаңғыру бағдарламасы-болашаққа көзқарас» тақырыбында дәріс
2019 жылы 27 қыркүйекте құқық және кеден ісі бағытының аға оқытушысы Бейсенбаев М. А. бірінші курс студенттеріне «Рухани жаңғыру бағдарламасы – болашаққа көзқарас» тақырыбында дәріс оқыды.
Мақсаты: студенттерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін толыққанды түсіндіру.
Ашық тематикалық сағат
23 қыркүйек 2019 жылы Мирас университетінің 108 аудиториясында ДИ-811Р-1, ДИ-811Р-2 топтарында «Отбасы күні» тақырыбында ашық тематикалық сағат өтті.
Ашық тематикалық сағаттың мақсаты: отбасылық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Заңгерлер күніне арналған оқытушылар мен студенттердің заң мамандарымен кездесуі
2019 жылдың 27 қыркүйегінде заңгер күніне арналған оқытушылар мен студенттердің заң мамандарымен кездесуі ұйымдастырылды.Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьялары Төреханов Сәбит Оңдыбайұлы және Қалмурзаева Майра Есенбекқызы, сондай-ақ «Сентрас Иншуранс» СК АҚ директорының орынбасары Есмурза Асхат Аубакирұлы, «Құқық және кеден ісі» бағытының бірінші курс студенттерімен кездесуге келді.Отырыста судьялар сот реформасы, сот жүйесінің болашағы туралы мәселелерді қозғады, сот ісін жүргізуге инновациялық технологияларды енгізу туралы әңгімеледі.
Абубакр Ерматовтың «Актерлік шеберлік» авторлық курсы
2019 ж. 27 қыркүйекте ПП, ПМ, ДФ және ИФ секторы Оскар сыйлығына екі рет ұсынылған JohnSarno жаттықтырушысынан актерлік шеберліктің жеке сабақтарын алған, Лос-Анжелестен келген актерлік шеберлік бойынша жаттықтырушы, актер, сценарист және режиссер Абубакр Ерматовтың авторлық курсын ұйымдастырып өткізді.