2019 жылы 14 қазанда «Мирас» университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп «Әдептілік пен заң үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайысқа «Мирас» университетінің студенттері қатысты. Қазылар алқасы құрамында з.ғ.к., аға оқытушы Имашев Б. Е., аға оқытушы Шинтаева Ф. Е., Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға инспекторы Альжанова Ж. болды.
Пікірсайысқа қатысушылар бірқатар мәселелерді қарастырды. Солардың іішінде: «Әдептілік», «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» және т. б.
Қатысушылар осы сұрақтардың жауабын қарама-қарсы екі лагерьден іздеді: «Үкімет» және «Оппозиция».
Пікірсайыс ойындарының жеңімпаздары естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.