Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізілген іс-шара

14.12.19 ж., ДИ-811Р-1 және ДИ-811Р-2 топтарының студенттері, сонымен қатар көркемсурет өнері және дизайн секторының оқытушылары: Скорикова Н.Н., Юнусова Д.А., Давлетканова З.Р., Осмоловская Д.С. ізгі ниет ретінде «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығында» даму ерекшеліктері бар балаларға арналған залды безендіруді ұсынды.

«Мобильді бағдарламалау» тақырыбында семинар

1 қараша 2019 жылы «Мирас» университетінің магистр, аға оқытушысы Сайдирасулов Саидхон Сайдиогзамович «Мобильді бағдарламалау» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ІТ-911к-1, ІТ-911к-2, ІТ-911к-3 топтарының студенттері қатысты.

Дизайнер күнін ұйымдастыру және өткізу «Фото-аймақ» орнату

27-28 қараша 2019 жылы «Дизайн күні» өткізілді. Student Hall-да ПВХ мен әуе шарларынан жасалған фото-аймақ және көлемді «ART» сөзі орнатылды. Сонымен қатар «Дизайн күні» аясында шақырылған суретшілер Қыпшақбаева А. Н. мен Кузнецова А. Д. және № 35 орта мектеп оқушыларымен «Космос» тақырыбына мастер-класс өткізілді. 

Тәрбие жұмыс бойынша есеп

2020 жылдың 31 наурызында сағат 13.00-де Zoom платформасында онлайн режимінде «Оқу процесінде уақытты тиімді басқару» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Онлайн жиналысқа ИН911р1ф, ИН911р2ф, ИН811k2ф, ИН811к2a топтарының студенттері және шет тілдер секторының кейбір оқытушылары қатысты. Онлайн кездесу барысында презентация көрсетілді, проктастинация бойынша қысқаша сауалнама жүргізілді, уақытты басқару және әдеттер туралы ұғымдарға арналған түрлі кітаптар ұсынылды.

«Қазақстанның діни ахуалы» тақырыбында дәріс

21 қараша 2019 ж. 312 аудиторияда лектор университеттің т.ғ.к., ассоц. профессор Султанова В.И. «Қазақстанның діни ахуалы» тақырыбында 1 курс студенттеріне дәріс оқыды. Әңгіме барысында лектор діни саланы реттейтін заңнамаға қандай түзетулер қарастырылғанын және елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі сақтау үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында кездесу

19 қараша 2019 жылы «Мирас» университетінің студенттері Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы маманы Тайтелиев  Файзулла Тажмұхамедұлымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында кездесу өтті.

«Заң Талабы» ҚБ құқықтық қорғау орталығының лекторымен кездесу

14.11.2019ж. сағат 11-30, 204 аудитория  «Заң Талабы» ҚБ құқықтық қорғау орталығының лекторы Юнусов Мурад Авазович  «Адамдарды емес, вирусты қуып шығыңыз» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты жеке, құпия ақпаратты таратпау мәселелері бойынша, әсіресе АИТВ/ЖИТС жұқпасы сияқты қандай да бір аурулар болған жағдайда, халыққа құқықтық қорғау көрсету.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...