2019 жылдың 27 қыркүйегінде заңгер күніне арналған оқытушылар мен студенттердің заң мамандарымен кездесуі ұйымдастырылды.Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьялары Төреханов Сәбит Оңдыбайұлы және Қалмурзаева Майра Есенбекқызы, сондай-ақ «Сентрас Иншуранс» СК АҚ директорының орынбасары Есмурза Асхат Аубакирұлы, «Құқық және кеден ісі» бағытының бірінші курс студенттерімен кездесуге келді.Отырыста судьялар сот реформасы, сот жүйесінің болашағы туралы мәселелерді қозғады, сот ісін жүргізуге инновациялық технологияларды енгізу туралы әңгімеледі.
Судья Калмурзаева Майра Есенбековна өз сөзінде заңгерлердің кәсіптік бағдары, сот жүйесінің біліктілігі мен болашағы туралы айтты.
Судья Төреханов Сәбит Оңдыбайұлы азаматтық істерді қарау тәжірибесі және көптеген басқа да мәселелер туралы айтып берді.
«Сентрас Иншуранс» СК АҚ директорының орынбасары Есмурза Асхат Аубакирұлы 2019 жылдың 1 қазанынан бастап енгізілетін медициналық сақтандыруға қатысты мәселелерге тоқталды.