23 қыркүйек 2019 жылы Мирас университетінің 108 аудиториясында ДИ-811Р-1, ДИ-811Р-2 топтарында «Отбасы күні» тақырыбында ашық тематикалық сағат өтті.
Ашық тематикалық сағаттың мақсаты: отбасылық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Талқылау барысында келесі мәселелер қаралды: Отбасылық құндылықтар. Студенттерге сауалнама жүргізу.
Нәтижелері: студенттер отбасын құрумен байланысты ұстанымдар мен құндылықты бағдарларды анықтады; отбасылық қарым-қатынас күрделілігінің кейбір себептерін ашты; отбасы ошағын құрудағы ерлер мен әйелдердің рөліне назар аударды; отбасының дисгармоникалық типтерімен танысты.