4 қазан 2019 жылы «Мирас» университетінде оқып жатқан шетел студенттері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық насихаттық топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қоғамдық келісім, бөлім басшысы Әлімқұлов Нұркен Құрманұлы шетел студенттеріне Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіріп, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттің тәртіптері мен талаптарын сақтауға шақырды. Шетел студенттері өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.