2019 жылы 27 қыркүйекте құқық және кеден ісі бағытының аға оқытушысы Бейсенбаев М. А. бірінші курс студенттеріне «Рухани жаңғыру бағдарламасы – болашаққа көзқарас» тақырыбында дәріс оқыды.
Мақсаты: студенттерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін толыққанды түсіндіру.
Дәріс барысында лектор студенттерге Рухани жаңғыру бағдарламасының бірнеше бағыттарын және арнайы жобаларын түсіндірді. Студенттер бағдарлама туралы сұрақтар қойды.
Нәтижесі: студенттер «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсатын түсінді.