12.11.2020 «Мирас» университеттің т.ғ.к. ассоц.профессор Султанова В. И. ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында «Елдіктің бастауы» атты деректі фильмді көрсетумен ашық дәріс өткізді. Султанова В.И. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметі, оның бейбітсүйгіш сыртқы саясатты құрудағы күш-жігері, Елбасының дана саясатының арқасында тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекет таңдап алған ауыр дағдарыс туралы әңгімеледі. Соңында «Күш – бірлікте» фильмі көрсетіліп, оны талқылау жүргізілді.
Жаңалықтар
«Әл-Фарабидің 1150 жылдығы» тақырыбында ашық тақырыптық сағат
2 желтоқсан 2020 жылы «Мирас» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті секторының аға оқытушысы Абралиева Б.Қ. онлайн режимінде «Әл-Фарабидің 1150 жылдығы» тақырыбында КЛ-711к1 тобында ашық тақырыптық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру.
Іс-шара барысында аға оқытушы Абралиева Б.Қ. 2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтілгендігін айтып өтті.
«Абай және әлем өркениеті» тақырыбында семинар
2020 жылғы 29 қазанда қазақ тілі және әдебиеті секторының аға оқытушысы Тажибаева Ж.Ш. онлайн режимде «Абай және әлем өркениеті» тақырыбында семинар өтті, онда Тажибаева Ж.Ш. ақын мұрасының айнымас құндылығы болып табылатын Абайдың шығармашылығы туралы баяндама дайындады. Семинарда ұлы Абай Құнанбайұлының ілімдері ХХІ ғасырда болашақ адамгершілік қоғам мен оның моральдық кодексін құру мақсатында қолданылып жатқандығы айтылды.
«Парасаттылық - берекелі қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел
23.10.2020ж сағат 15:00 «Саналы Ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен «Парасаттылық - берекелі қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында Zoom платформасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Саналы ұрпақ клубының белсенділері мен Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қатысты.
Мақсаты: Қазіргі кезде тұлға ретінде қалыптасуда өзіміздің азаматтық көз қарасымызды білдірту бір бөлек, ісімізбен де дәлелдеп көрсете алуымыз шарт екеннін, сонымен бірге жастардың арасында патриотизм құндылықтары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсенді қатысуды насихаттау.
Нәтижесінде Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Кәдірқұл Ж.Н дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырып және ол үкіметтің ғана емес, әр біріміздің міндетіміз болуы керек екенін айтып өтті.
«Ішімдегі энергия» атты поэзиялық байқауға қатысу есебі
21 қазан 2020 жылы Шымкент қаласы Жастар ресурсттық орталығының ұйымдастыруымен «Ішімдегі энергия» атты поэзиялық байқауы өткізілді. Байқауға Шымкент қаласының барлық жоғары оқу орындары қатысты.
Мақсаты: байқау арқылы жастарды әдебиетке,өнерге баулу; тұла бойындағы сезімдерді арттыру, өзін-өзі тану.
«Волонтерлік саласындағы жастар бағытының жол көрсеткіші» тақырыбында семинар-тренинг
7 қазан 2020 жылы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы «Coworking» орталығында Қазақстан Еріктілер лигасының ұйымдастыруымен «Мирас» универсиетінің жастарына «Волонтерлік саласындағы жастар бағытының жол көрсеткіші» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
«Бейбіт елдің жастары бейбітшілікке үндейді» атты тақырыпта пікірсайыс өткізу
24.10.2020ж сағат 14:30 Мирас университетінің «Интеллектум» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Бейбіт елдің жастары бейбітшілікке үндейді» атты тақырыбында ZOOM платформасында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыс барысында қашықтықтан оқу кезіндегі білім сапасының жақсарту мен әлеуметтік желілердің пайдасы және зияны туралы мәселелер қозғалды.
Пікірсайыс АПФ және ЛД форматында өтті.
Мирас Университеті студенттерінің «Volunteеr is process» волонтерлік тренингке қатысуы
2020 жылдың 13 мен 15 қазан аралығында «Volunteеr is process» жобасы аясында «Мирас» университетінің еріктілері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері Шымкенттегі «Jas Otan» ЖҚ қалалық филиалында жастардың еріктілік бағдарламасына қатысты.
«Birgemiz:Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша оқыту
14 қазан 2020 жылы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында «Birgemiz:Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді және де Мирас университетінен 10-ға жуық еріктілер қатыстып, марапатталды. Өрт сөндірушілер өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі және өрт кезінде бейтаныс адамдарға көмектесе білу туралы дәріс оқыды.