Мирас университетінде дін саласына қатысты жастар қауымының діни сауаттылығын арттыру мақсатында жастар ортасында діни қөзғарастың мәні мен ролі тақырыбында діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және діни істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру» бөлім басшысы, теолог Халықов Медет, дінтанушы, теолог Джурабеков Жалғас Жастар арасында еліміздің тиым салынған ағымдар туралы кеңейтілен мәліметтермен таныстырып, экстремизмге түсінік беріп, экстремизм – аса күрделі қоғамның әлеуметтік-саяси мәселелерінің бірі екендігін атап өтті. Әлеуметтік, саяси, экономикалық және де басқа факторлардың әсерінен жастарда кейбір жағдайларда түбегейлі басқа көзқарас пен түсінік қалыптасып жатқандығын, сондықтан экстремизмдік және лаңкестік ұйымдардың қатары жастармен толысатындығын түсіндірді.
Лекция барысында қазіргі жастарарасындағы діни ахуалға тоқталып, жастарымызға дәстүрлі діни бағытты түсіндіруде облыста белсенді жұмыс істеп жатқан жастар ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігіне тоқталды, сондай-ақ, білікті теологтар әлеуметтік желілер көмегімен жастарды қоғамдық ұйымдар қатарына тарту, қайырымдылық акциялар арқылы белсенді жастар қатарын көбейту, ата-ана мен мұғалімдермен тығыз байланыс орнату арқылы өскелең ұрпақта дінге оң көзқарасын қалыптастыру туралы және т.б. ұсыныстар айтты.
Лекция соңында, дінтанушы теологтар жастарға имандылық, ұлтжандылық жайлы насихат жасап, ынтымаққа-бірлікке, мейірімділікке баулу төңірегінде кеңінен әңгіме жүргізіп, бүгінде адамдардың сеніміне селкеу түсіріп, сан тарау ағымдарға бөлетін жекелеген топтардың жетегінде кетпеу үшін ойымызда Отан, жүрегімізде бір Аллаға деген иман, қолымыз қоғамға пайдалы кәсіпте болу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қортындылай келе, дінтанушы теолог Халықов Медет өз сөзінде,егемендігімізді алғаннан кейін әр түрлі мемлекеттен әр түрлі сенімдегі миссионерлер елімізге келе бастады, қаншама бауырларымыз теріс ағымдардың жетегінде кеткенін, соларды өзіміздің төл дінімізге қайтару іс шаралары қазіргі таңда көптеп насихатталуда екенін, ол үшін біздер діни сауттылығымызды арттыруымыз қажет екенін айтып, өзіміздің тілімізді, ата-дәстүрімізді, дінімізді ардақтай білейік ағайын бауырлар!, - деп, қорытынды жасады.