12-ші халықаралық ғылыми-практикалық KazTEA 2015 конференциясы.
«Білім беру нәтижелерін жақсарту мақсатында ағылшын тілін оқытуды және оқыту саласындағы зерттеулерді жетілдіру мәселелері».
«Мирас» университеті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірге 28-29 сәуір күндері серіктес-университеттің базасында өткен 12-ші халықаралық ғылыми-практикалық KazTEA 2015 конференциясын ұйымдастыру мен өткізуге серіктес болды.
Аталған конференция АҚШ Елшілігімен, RELO-мен (Ағылшын тілін дамыту жөніндегі аймақтық кеңсе), Британдық Кеңеспен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ және Республикалық ҚР білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Бұл конференцияға Қазақстан Республикасының 16 қаласынан келген 74 делегат қатысып, ағылшын тілін шеберлік сыныбы форматында оқыту, әдістемелік әдіс-тәсілдерді көрсету, өз жарияланымын немесе постерін таныстыру, сондай-ақ виртуалды таныстырылым салаларындағы 8 секция бойынша өз педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл таныстырылымдарға келген қатысушылардың жалпы саны 140 адамды құрады.
Пленарлық отырыста, конференцияның ашылуы мен жабылуында негізгі баяндамашылар, түрлі деңгейдегі ағылшын тілін оқыту саласының мамандары сөз сөйледі:
а) ф.-м.ғ.д., профессор Балақаева Г.Т. – «Өрлеу» ББЖ ҚБАРИ» БАҰО АҚ директоры; PhD доктор Зейнолла С.Ж. - «Өрлеу» ББЖ ҚБАРИ» БАҰО АҚ Халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасының меңгерушісі.
б) Хелена Куртен – PhD, Висконсин-Милоуки университетінің құрметті профессоры, АҚШ;
в) PhD доктор Сұлушаш Керімқұлова – Білім берудің Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Назарбаев Университеті;
г) Лора Вудворд – мұғалімдерге арналған тренингтерді ұйымдастыру жөніндегі кеңесші, Британ Кеңесі, Ұлыбритания.
Пленарлық отырыстардың тақырыптары көптілділік бағдарламасының орындалуы, кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту және кәсіби біліктілікті арттыру мәселелеріне қатысты болды. (Конференция Бағдарламасын мына сілтеме бойынша қараңыз: http://kaz-tea.kz/2015/04/24/kaztea-2015-program/ )
6 мұғалім, соның ішінде тілдер кафедрасының аға оқытушысы А.Әжіғалиева өз материалдарын он-лайын режимде таныстырды. Мұғалімдер мен оқытушылар өз материалдарын YouTube платформасын пайдалана отырып, түрлі форматтарда көрсетті. (https://www.youtube.com/watch?v=YDpRAzs23KE&index=5&list=PLL7obOmOZcFgdOMqGDKOd7mJyhhbk41QZ) және Clouds (https://cloud.mail.ru/public/3m1PLRWQNE9s/10%20reasons%20to%20use%20smartphones%20and%20tablets%20at%20EFL%20lessons.mp4 Конференция материалы жинақта жарияланып, KazTEA сайтына http://kaz-tea.kz/2015/04/21/kaztea-2015-2/ және университет сайтына орналастырылған.
Татьяна Летяйкина
Тілдік оқытудың МиО жөніндегі маманы