Rome Model United Nations

Rome Model United Nations

14-18  наурыз аралығында Италияның астанасы Рим қаласында «Giovani nel Mondo association» ұйымының ұйымдастыруымен 5 күндік «Rome Model United Nations» конференциясы болып өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 2000 студент қатысты. 30 адамнан тұратын қазақстандық делегацияның құрамына «Назарбаев Университеті», «ҚазҰУ», «КАУ» және біздің «Мирас» университеті енді. Біздің университетіміздің өкілі ретінде қатысқан 4-ші курс студенті, нәп-нәзік қыз Ақмарал Сман бас спикер ретінде Пәкістан Республикасының Елшісі Тахмина Джанжуэ ханым қатысқан, жалпы құрамы 70 адамнан тұратын «ECOSOC» комитетіндегі сессияға көмектесуге мүмкіндік алды.

- Ақмарал, конференция қалай өтті, Италиядан қандай әсерлермен оралдыңыз?

- Мен үшін бұл конференция ерекше болды, бұл жолы біздің Қазақстаннан келген делегаттар екенімізді білді. Көптеген адамдар «БҰҰ моделі» бағдарламасының Қазақстанда бұрыннан жұмыс істейтінін, оның түп-тамыры «Мирас» университетінен бастау алғанын естігенде, таңқалды.

- Кіммен сұхбат құра алдыңыз, қызықты таныстықтар болды ма?

- Мен Италия үкіметінің түрлі деңгейдегі өкілдерімен, әртүрлі елдердің елшілерімен, бизнесмендермен және профессорлармен сөйлесе алдым.

- Қай сәтіңіз ерекше есте қалды?

- Әсіресе Қазақстан Республикасының Италиядағы, Мальта Республикасындағы, Сан-Марино қаласындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесовпен болған әңгіме жақсы есте қалды: «Мен «Римдік БҰҰ моделіне» осынша көп қазақстандық студенттердің қатысып отырғанына өте қуаныштымын, ал Шымкенттен, «Мирас» университетінен қатысушыны күтпеп едім. Жарайсыңдар!» - деді ол.

- Болып өткен «Rome Model United Nations» конференциясының мақсаты не еді? Неге қол жеткізілді?

- Бірінші кезектегі мақсаты – бүкіл әлемнің жастарын біріктіру, «EXPO-2015 Milano»-ға тарту, әрбір қатысушыға бүкіл дүниежүзі бойынша «БҰҰ моделі» бағдарламасын дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік беру. Конференция нәтижесінде UNESCO,FAO,SC, ECOSOC, ECOFIN, UNEP, CEU, ICJ, UNICEF, SOCHUM сияқты комитеттерде 10 қарар қабылданды.

- Ақмарал, айтыңызшы, сіз неден бастадыңыз? Қарапайым студент мұндай нәтижелерге қалай жетуі мүмкін? Сіз мұндай ауқымдағы «БҰҰ моделіне» қатысу деңгейіне қалай көтерілдіңіз?

- Бәрі 2010 жылы басталды. Шымкентте Аарон Леви Форсайттың бастамасымен ең алғашқы «БҰҰ моделі» клубы құрылды. Мені ең алғаш осы клубқа қалай шақырғандары әлі есімде. Оның ашылған бірінші күні менен басқа ешкім болған жоқ. Ол кезде мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін жұмыс істейтін БҰҰ сияқты ұйымның барын білмейтін едім. Ал «БҰҰ моделі» оның көшірмесі болатын. Осы бағдарлама арқылы дипломат болу – әсіресе, мен сияқты жастар үшін толықтай іске асатын нәрсе. Семинарларға барып, БҰҰ құрылымымен танысып, түрлі тақырыптарды талқылаған соң, мен бүкіл мектеп қабырғасында өткізген жылдарымдағыдан көп ақпарат алғанымды түсіндім. Бұл мені қатты қызықтырды. Көп өтпей біздің қатарымыз өсіп, ОҚО командасына айналдық, ел ішіндегі түрлі конференцияларға барып тұрдық. Бізді ел біле бастады. Кейінірек Фулбрайт бағдарламасының түлегі Аарон бұл клубты бізге тапсырды. Осыдан кейін мен өз курстастарым мен достарымды жаттықтыра бастадым. Себебі, көпшіліктің алдында сөйлей білу де – таланттың бір түрі, сондықтан өз достарымның бойындағы осы таланттың көзін ашу керек болды.

- Бұл сіздің Еуропа алаңдарындағы «БҰҰ моделіне» алғашқы сапарыңыз және қатысуыңыз емес екендігі бізге белгілі...

- Иә, ел ішіндегі көптеген конференциялардан кейін мен «Лондондық БҰҰ моделіне» қатысуға өтінім бердім. 12 жасымнан мен осы қалаға жай ғана саяхатшы ретінде емес, қандай да бір маңызды мақсатпен барып-қайтуды армандаушы едім. Арманым орындалып, мені UNICEF комитеті директорының орынбасары ретінде таңдады.

- Осыншалық алыс сапарға аттану мүмкіндігіне қалай қол жеткіздіңіз?

- Студент болу оңай емес, әсіресе мұндай сапардың ақысын төлеу мүлде қиын. Осыны түсінген мен «Мирас» университетінен көмек сұрадым. Оң нәтижеге қол жеткізген соң, Лондонға жол тарттым.

- Болашақ мамандығыңызға даярлық пен дипломаттық қызметті үйлестіру мүмкін бе?

- Мен телекоммуникациялар кафедрасында біліп алып жатырмын, бірақ Лондоннан кейін мен бірі екіншісіне кедергі келтірмейтінін түсіндім, сондықтан бір мезетте халықаралық қатынастар саласында да өзімді дамытуды ұйғардым. Бір қарағанда, әртүрлі салалар сияқты, бірақ Ангела Меркельдің де білімі техникалық қой, осы жай мені одан әрі шабыттандыра түсті.

- Сапарлар барысында басқа университеттермен байланыс орната алдыңыз ба?

- Лондонда болған кезімде мен Үндістандағы «КИИТ» университетінің студенті Снегадеп Каетпен таныстым. Мен өз университетім үшін пайдалы бірдеңе істеуім керек деп ойладым да, оған біздің университеттеріміздің арасындағы мәдени және студенттік алмасу туралы идеямды ұсындым. Қазір бұл идея қолға алынуда. Кейінірек ол мені өз университетіне – Бубанешвар қаласында орналасқан «КИИТ» университетінде өткен «БҰҰ моделі» конференциясына шақырды.

- Сіз «БҰҰ моделінен» бөлек, басқа қоғамдық қызметтермен айналысасыз ба, сіздің оған уақытыңыз жете ме?

- Иә, «БҰҰ моделінен» бөлек, мен «БҰҰ тұрғын халқы» қорының қолдауымен жұмыс істейтін «Y-PEER» білім беру жүйесінде волонтерлік қызметпен айналысамын. Дәл осы жүйе арқылы мен коммуникация (қарым-қатынас орнату) машықтарына ие болдым, менде дипломаттар, профессорлар, медицина қызметкерлері мен басқа да жоғары білімді адамдармен кездесу мүмкіндігі пайда болды.

- Қазақстанда барлығы қанша «БҰҰ моделі» клубтары бар?

- Қазір бүкіл Қазақстан бойынша клубтар саны 10-нан асып қалды.

- Сіз біздің студенттерімізге не айтар едіңіз? Өз армандарын ақиқатқа айналдыра алуы үшін оларға қандай кеңес бере аласыз?

- Біздің студенттерімізге қызығушылық жетіспейді. Римде Қазақстанның басқа университеттерінен тұтастай делегациялар келіп жатқанда, менің жалғыз болғаным өте өкінішті болды. Сонымен қатар, студенттерге тілдік кедергі бөгет жасайды. Болашақта сіздің педагог әлде инженер ме, кім болатыныңыз маңызды емес, бастысы – тілдерді білу сіздің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіңізді анағұрлым арттырады. Мен үнемі мынаны айтып жүремін: «3 нәрсені қайтаруға болмайды – уақытты, сөзді, мүмкіндікті». Мұнымен менің айтқым келгені: уақытты босқа өткізбеңдер, табысты адамдармен араласыңдар, тағдырдың жіберген кез-келген мүмкіндігін қалт жібермеңдер.


Өз атымнан тағы бір қосқым келгені: үнемі айналадағы оқиғалардан хабардар болып жүріңдер, себебі «Кімде ақпарат болса, сол әлемді басқарады». Сонда өз мүмкіндіктеріңді жіберіп алмайтындарың анық. Және белсендірек болыңдар, өз күштеріңе сеніңдер және өздеріңе сұрақ қойыңдар: «Маған армандауды тоқтататын кез жетпеді ме? Мүмкін, армандарымды ақиқатқа айналдарырар сәт келген болар?».

 

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...