Нашақорлыққа, есірткіге жол жоқ

Шымкент қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры – Жандаров Жамбыл Төлегенұлының, сондай-ақ Тұран аудандық ювеналды полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты – Мендибаев Бекдәулет Бақытбайұлының қатысуымен студенттер арасында кездесу өткізілді.Іс-шараның мақсаты – “Дроппер” деген кім?, интернет алаяқтың алдын алу, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық пен зорлық-зомбылықтың зардаптары туралы мағлұмат беру, әлімжеттік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.