Қабылдаудан прогреске: ҚР Конституциясының тарихы

2025 жылдың 12 қыркүйек күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «Қабылдаудан прогреске: ҚР Конституциясының тарихы» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты – жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты баптар бойынша терең түсінік қалыптастыру, олардың құқықтық білімдерін арттыру. Сонымен қатар, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерге, ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу арқылы құқықтық сана мен жауапкершілікке баулу көзделді. Іс-шара барысында студенттер заң баптарын талдап, өзара пікір алмасып, нақты өмірлік жағдайларда қолдану жолдарын үйренді. Бұл өз кезегінде олардың құқықтық ойлау қабілетін дамытып, азаматтық ұстанымдарын нығайтты.