МИРАС университетінің студенттері ОҚО-да 2016 жылғы 15-20 тамыз аралығында Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы (ҚҰГҚ) тарабынан өткізілген «Хан Қорық 2» жастар фестиваліне қатысты. Жобаның мақсаты: жылыжай газдарын түгендеудің ұлттық ерекшеліктері туралы, климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету үшін қолданылатын шаралар, білім беру және кадрларды даярлау туралы ақпаратты жинау болды.
Фестиваль шеңберінде Домалақ Ана кесенесіне, Ақмешіт әулие үңгіріне, Шаян елді мекеніндегі Аппақ Ишан мұражай-медресесіне экскурсия жасалды, сондай-ақ 12-ғасырға тиесілі Арыстанбаб, 13-ғасырға тиесілі Отырар, 15-ғасырға тиесілі Сауран деген тарихи жерлерге, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етілді.
Сайрам-өгем ұлттық саябағына келгеннен кейін студенттер конференциясы өткізілді және климаттың өзгеруі, жасыл экономика жөніндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Талқылауға Екібастұз, Петропавл, Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларынан келген өлкетанушылар, археологтар, тарихшылар ат салысты.
Кешке қарай фестиваль қатысушыларын марапаттау рәсімі және концерттік бағдарлама өткізілді.