Көптен күткен оқиға! 8-ші жыл сайынғы OPEN AIR! 2017 оқу жылының ашылуы! Мирас студенттер және олардың барлық достары үшін! OPEN AIR 23 қыркүйегінде, сағат 19:00-де, Сапақ Датқа көш., 2 (бұрынғы Курнакова) Мирас университетінің аумағында өтеді.
Білім күнімен құттықтаймын!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты студенттер, оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Құрметті студенттер!
Барлықтарыңызды 4 қыркүйек күні сағат 10:00-де болатын оқу жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шарасына шақырамыз!
Конституция күнімен құттықтаймыз!
Құрметті достар!
Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
ГРАНТТАР!
Құрметті талапкерлер!
Мирас Университеті оқу гранттарын бөлуде! Гранттар байқау негізінде табысталады.
Қатысу үшін:
- ҰБТ (ТКТ) шектік баллы болуы керек;
- біздің қабылдау комиссиясына оқуға түсу үшін қажет құжаттарымен келуі керек.
Өтінімдерді қабылдау 25.08.2017 дейін. Байқау біткеннен кейін оқу гранттарының иегерлеріне оқу гранттарын иеленгені туралы 4 жыл мерзімімен сертификат табысталады.
Акрамова Шахло
Мирас университетінің түлегі Шахло Акрамова @zhasproject.kz. жобасында 1000000 теңгеге ие болды. Шахло "Жас ұрпақты отбасылық-некелік өмірге дайындау мектебі" әлеуметтік жобаны ұсынды. Жобада ерте некелесу, ажырасулар, 21 ғасырдың салт-дәстүрлері, тұрмыстағы зорлық-зомбылық секілді тақырыптар көтеріледі. Грант иегерінің сөзіне қарағанда олар жастардың түйсігімен жұмыс істейтін болады.