Шымкент қ. 2016 ж. 9 желтоқсанында Мирас Университетінде Access бағдарламасының ресми ашылуы өтті.
English Access – бұл Мирас Университетінің базасында өтетін, қаржы мүмкіндіктері шектелген дарынды жастарға арналған ағылшын тілін игеру бойынша екі жылдық бағдарлама. Осы бағдарлама шеңберінде, қысқы мен жазғы лагерьлерді қоса алғанда, тегін оқыту жүргізіледі. Екі сағаттық сабақ аптасына үш рет өтетін болады. Биылғы жылы 33 адам – басты талабы ағылшын тілін үйрену және белсенді өмір сүру ұстанымы бар, конкурстық іріктеуден өткен қаланың әр мектептерінің жоғары сынып оқушылары және Мирас Университетінің студенттері қатысушы болды.
Ашылу салтанатына Қазақс тандағы АҚШ Елшілігінен келген (RELO) ағылшын тілі бағдарламаларының өңірлік кеңсесінің басшысы Джон Скако қатысты, ол Access бағдарламасын табысты игеруге сенімін білдірді және барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар ашылу салтанатына қатысушылардың ата-аналары және осы бағдарламаның әр жылғы бітірушілері қатысты, олардың кейбіреуі конкурстық іріктеудің қабылдау комиссиясының мүшелері болған еді. Бітірушілер бағдарламаның өздеріне не бергенін және олардың өмірін қалай өзгерткенін айтып берді.
Қатысушылардың өздері ағылшын тілін үйренуде алғашқы табыстарын, сабаққа қатысқан күннен бастап нені игергендерін көрсетті , атап айтқанда – ‘Love to Code’ тренингі аясында мультфильмді әзірлеу және дыбыстандыру, мультфильмді ағылшын тілінде дыбыстандыру (MovieOke).