Студенттер бұл қоғамның ең прогресшіл бөлігі болып табылады. Студенттер белсенді қоғам өміріне араласып, жаңалықтар ашып, еліміздің өмірін жақсы жаққа қарай өзгертуде. Студенттердің көпшілік уақытын оқу алғанына қарамастан, демалу мүмкіндігі әрдайым табылады.
Жыл сайын біздің университет халықаралық студенттер күнін ерекше атап өтеді, АҚШ-ң президенттік сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі ешкімді немқұрайлы қалдырмады, соңғы жаңалықтарға байланысты, өзіміздің студенттерге «Trump party» стилінде мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мирастың ең прогресшіл студенттері осы мерекелік кеште болды. Кеш қонақтарын ауқымды бағдарлама, ұтыс ойындар, фотозона, тек ең үздік ән шерулер мен көптеген тосын сыйлар күтті.