«Мирас» университеті мен Анталиядағы Халықаралық Туризм Академиясы білім беру қызметі, студенттермен және профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу, білім беру сапасын арттыру және оқу орындарының арасындағы жан-жақты байланысты нығайту саласында Тараптардың ынтымақтастығы жөнінде шарт жасасты. Енді біздің студенттеріміз бен ПОҚ-ның шетелде демала жүріп, бір мезетте кәсіби білім алуға қайталанбас мүмкіндігі пайда болды.
Анталиядағы Халықаралық Туризм Академиясы – бұл Түркия Білім беру министрлігінің лицензиясы мен Американдық Қонақүйлер қауымдастығы Білім беру Институтының аккредитациясы бар, шетелде орыс және ағылшын тілдерінде оқытатын жалғыз оқу орны. Академия шетелдегі білім берудің ең жаңа халықаралық сапа стандарттары бойынша жұмыс істейді және шетелдік бағдарламалар бойынша орыс және ағылшын тілдерінде оқыта отырып, «Hotel Management», «Tourism Management», «Food and Beverage Management», «Economy in Tourism and Catering» негізгі мамандықтары бойынша мамандарды даярлап шығарады.