9-14 қараша аралығында Португалияда (Порто қаласы) пауэрлифтингтен, жатып алып сығымдап көтеру мен мүсіндік тартудан WPC нұсқасы бойынша Әлем чемпионаты өтті.
Біздің «Дене шынықтыру» кафедрасындағы оқытушымыз Үнембаев Әлім бірінші күні, 9 қарашада 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде классикалық жатып алып сығымдап көтеруде күш сынасып, 175 келіні сығымдап көтеріп, 2-ші орынға ие болды.
Екінші күні, 10 қарашада 82,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарақталған жатып алып сығымдап көтеруде 217,5 келіні көтеріп, Әлем чемпионы атанды.
Құттықтаймыз!
Әлем чемпионатына әлемнің 26 елінен: Англия, Франция, Нигерия, Израиль, Германия, Ресей, Украина, Португалия және т.б. келген спортшылар қатысты.