Жаңалықтар

Республика күніне орай «Отаным-бақыт ордасы»

13.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 25 қазан Республика күніне орай «Отаным-бақыт ордасы» тақырыбында шағын көлемді ашық сабақтар жүргізіліп, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері таныстырылып, білім алушылар арасында сұрақ-жауап болды. Отан туралы өлеңдер оқылып, елімізді қорғау үшін ат салысқан ұлы тұлғаларға шолу жасалды.

Ұстаздар мерекесі

Ұстаздар мерекесіне орай «Мирас» колледж мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махатова Зауре Орынбасаровна Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Алғыс хат- қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерін ескере отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы абыройлы істеріне берілді.

Ұстаздар күні

Ұстаздар мерекесіне орай «Мирас» колледж мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановна және арнайы пән оқытушысы Удовиченко Татьяна Генадьевна, Білім министрі Асхат  Аймағанбетовтың құттықтау хатын алды.

Құттықтау хатта- Ұстаз ел болашағын сеніп тапсырар,тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға. Қоғам мен адамзат алдындағы жауапкершілігі жоғары өлшеусіз еңбектеріне  алғыс білдіреді.

Ұстаздар күніне орай білім алушылардың арнауы

30.09.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесі «Ұстаздар күні» мерекесіне орай білім алушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Білім алушылар жүрек жарды тілектері мен өнерлерін көрсетіп көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға Жастар Ресурстық Орталығының мамандары қатысып мұғалімдерді құттықтап ,колледж директоры Нургуль Курбановна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зауре Орынбасаровнаға алғыс хаттар  табыстады.

Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу

30.09.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, қала аумағындағы орта оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе отыра, дінге қатысты ойларында жүрген барлық сауалдарға жауап ала алды.

Ата-аналар жиналысы

28.09.2022 жылы  «Мирас» колледжі мекемесінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып,  барша білім алушылардың ата-аналарына колледждің ішкі және сыртқы тәртібі мен оқу жүйесі таныстырылды. Ата-аналар қауымы балаларының жетекшілері және колледж директоры Нургуль Курбановнамен танысып,  тілдесіп, біршама сұрақтарға жауап ала алды.

Біздің мақтанышымыз!

«Мирас» колледжі мекемесінің білім алушысы Адильбеков Кирилл Республикалық жазғы Универсиадасында «Стендтік ату» жарысынан жүлделі орындарға ие болды.

  • 1 орын -1
  • 2 орын -2
  • 3 орын -3

Колледж Президентін сайлау

Барлық білім алушылар сайлауалды бағдарламасымен өз кандидатураларын ұсына алды.

Сайлаудың мақсаты-көшбасшыны сайлау және колледждің қоғамдық өміріндегі белсенділікті жақсартатын ынталы студенттерді анықтау.

Колледж Президенттігіне үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеу керек;
  • Барлық пәндер бойынша жақсы оқу үлгерімі болуы керек;
  • Қалалық, республикалық жарыстарда жүлделі орындардың болуы;

«Келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу»

27.09.2022 жылы  «Мирас» колледж мекемесінде Жастар ресурстық орталығының психолог мамандарымен бірлескен «Келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу» бағытында жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг өткізілді. Білім алушылар өз ойларын  айтып, сұрақтар қойып, керекті ақпараттармен танысты.

«Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алуға» бағытталған жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг

21 қыркүйек 2022 жылы "Мирас" колледжі мекемесінің білім алушылары Жастар Ресурстық Орталығында өтілген "Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алуға бағытталған жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренингке" қатысып, келелі ой түйіп, үлкен тәжірибе жинап қайтты. Тренингте түрлі тақырыптар қозғалып, қызықты пікірлер алмасты.