Шаңырақ күні - бұл жанұядағы жылулық пен қолдаудың маңыздылығын еске салатын мереке. Осы атаулы мерекеге орай Мирас колледжі мекемесінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған түрлі танымдық, шығармашылық, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
Игі істер марафоны
Мирас колледжі мекемесі қамқоршылық көмек көрсеткен және ерен еңбегімен танылған тұлғаларға құрмет көрсетіп, марапаттады. Игі істер марафоны - бұл қайырымдылық пен мейірім, татулық іс-шарасы.
8 наурыз нәзік жандылар мейрамы
Мирас" Колледжі Арулар қауымын 8 наурыз нәзік жандылар мейрамымен құттықтайды !
Бүгінгі күн қуаныш пен күлкіге толы болсын.
Сіз барлық жақсылыққа лайықтысыз!
Көктемдей жайдары көңіл күй мен бақыт тілейміз!
Махаббатпен Мирас колледжі
«Балалардың құқықтары мен міндеттері» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында кездесу өтті
28.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Балалардың құқықтары мен міндеттері» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге: Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалының басшысы, аға сот орындаушысы Мейрам Мұхтаров және Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға лейтенант Амина Егізбаевна қатысты.
АИТВ инфекциясының алдын алу
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Жургенбаева Назира Матышовнамен "АИТВ инфекциясының алдын алу" тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық профилактикасын жандандыру мақсатында есірткі тұтыну, темекі шегу және алкоголизм профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Мұқағали Мақатаев
23.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең, поэмаларымен танысу.
«Отбасы-отанның іргесі»
23.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде білім алушылармен «Отбасы-отанның іргесі» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты - жастарға салт-дәстүр құндылығын және отбасы мүшелерінің арасында дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру. Кездесуге Шымкент қаласы Тұран ауданы Ардагерлер кеңесінің орынбасары Бердіходжаева Сауле, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Битанұлы Сенбек және “Асыл әжелер” тобының мүшелері және Абай ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Құдайберген Гүлбибі Камалбекқызы қатысты. Кездесуде отбасы құндылықтарын дәріптеу мен оның құнына жете білу жөнінде салихалы әңгіме өрбіп, жастарды ел мен жерді сүюдің құны отбасынан басталатындығы айтылды.
«Лудомания» және «Алаяқтықтың алдын алу»
21.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Шымкент ҚПД Тұран АПБ Кәмелет жасқа толмаған жастар жөніндегі полиция аға лейтенанты С.Илияс білім алушыларға «Лудомания» және «Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Қазақтың Қанышы»
20.02.2024жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Қазақтың Қанышы» тақырыбында білім алушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Жастарға Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолдарын таныстыру. Адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Ерте жүктіліктің алдын алу
14.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Дау Мед Жастар денсаулық орталыгының» мамандары врач-гинеколог Екатерина Вячеславна Телегина және психолог Абатова Гулфайруз Утарбаевна білім алушылармен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушылар өздерінің денсаулықтарына байланысты сұрақтарына жауап алды.

