Республика күні

24 қазан күні «Мирас» колледжі мекемесі «Республика күнін» атап өтті. «Республика күні» - Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін дәріптейтін маңызды мереке. 25 қазан күні тойланатын «Республика күні» еліміздің егемендік жолындағы қадамдарын еске салып, халқымыздың болашағына үлкен сенім мен үміт береді. Колледж студенттері мен оқытушылары айтулы мерекені Қазақстан Республикасының гимнін орындаумен бастады.