Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні

«Мирас» колледжінде Халықаралық әйелдер күніне орай студенттер арасында іс-шара өтті.

Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды: құттықтау, байқаулар, сыйлықтар және дискотека!

Студенттер түрлі байқауларға қатыса отырып, Smart сағаттар сияқты бағалы сыйлықтарға ие болды. Жиналғандардың көңіл-күйін көтерген тамаша, жылы атмосфера орын алды.

Дипломдарды салтанатты табыстау кеші

2022 жылдың 3 наурызында «Мирас» колледж» мекемесінде «Шаштараз өнері және сәндік косметика»,«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Туризм» мамандықтары бойынша түлектерге дипломдарды салтанатты табыстау кеші өткізілді.

Колледж әкімшілігі түлектерді оқуды сәтті бітіргендерімен құттықтап, кәсіби салада табыстар тіледі.

Түлектерге Ақ жол тілейміз!

Дипломдык жобаны қорғау

«Мирас» колледжі мекемесінде оқу жұмыс жоспарына сәйкес "Шаштараз өнері және сәндік косметика" және "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының бітіруші топтарында дипломдык жобаны қорғау өткізілді. Сонымен қатар «Туризм» мамандығының білім алушылары қорытынды және кешенді емтихан тапсырды. Қорытынды аттестация комиссия мүшелері колледждің әлеуметтік серіктестерімен жұмыс берушілерден құралды. Комиссия мүшелері әр бір жұмысты мұқият қарап, өз бағаларын берді. Дипломдық жобалар жоғары дәрежеде екенін атап, өздеріне ұнаған бітірушілерді жұмысқа шақырды.

«Үстел теннисі» бойынша сайыс

Мирас» колледжі мекемесінде «Жалпы білім пәндері» апталық жоспары аясында «Дене тәрбиесі» пәнінің оқытушылары: Қалдыкозов А.Б, Ховрина Н.В, Иса А.Т колледждің 1-3 курс білім алушылары арасында «Үстел теннисі» бойынша сайыс өткізді.

Мақсаты:

Студенттердің спорттық және ойын іс-әрекетіндегі қозғалыс және коммуникативті тәжірибесі арқылы үстел теннисіне қызығушылық пен әмбебап қабілеттерін дамыту.

«Детективті агенттік» біріктірілген сабақтан тыс іс-шара

16.02.2022 ж «Мирас» колледжі мекемесінде «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Математика» пәнінің оқытушысы Колобова О.В және «Орыс тілі» пәнінің Курносова М.В «Есеп және аудит» мамандығының УА-212 тобының «Детективті агенттік» тақырыбында біріктірілген сабақтан тыс іс-шара өткізді.

Мақсаты:

  • орыс тілі мен әдебиеті, математика сабақтарында алған білімдерін біріктіру;
  • стандартты емес міндеттерді шешу кезінде білім алушылардың шығармашылық тапқырлығын дамыту.

«Химия» пәнінен сабақтан тыс іс-шара

15.02.2022 ж Мирас» колледжі мекемесінде «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Химия» пәнінің оқытушысы Жекеева Н.Б колледждің 1-курс білім алушыларымен «Улица Ломоносова» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді.

Мақсаты:

  • Заттар мен құбылыстар туралы алған білімдерін жинақтау және жүйелеу, теориялық және нақты материалдарды салыстыру.
  • М.В.Ломоносов туралы білімдерін кеңейту, оның жұмыстарының маңыздылығын атап өту.

Экскурсии студентов на предприятия социальных партнеров

Білімді кеңейту және практикалық дағдыларды алу мақсатында "Мирас" колледжі мекемесінің ЕТжБҚ мамандығының студенттері Халықаралық дизайн және бағдарламалау мектебіне 21 қаңтар 2022ж. экскурсия жасады. Мектептің негізін қалаушы Нұртаева Ләззат Нұрғалиева мектептің жұмысымен таныстырды. Экскурсия өндірісті тексеруден басталды, онда студенттер жұмыс орындарында дизайнерлердің бағдарламалық өнімдерін әзірлеу процесін көрді. Мектепті аралау барысында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды және ұйымдастырылған кездесу Халықаралық дизайн және бағдарламалау мектебінің басшылығына, сондай-ақ өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге ниет білдіргені үшін алғыстарын білдірді.

Встреча с профессиональным бухгалтером

2021 жылдың желтоқсан айында «Мирас» колледжі мекемесінде "Ақпараттық  технологиялар және экономикалық пәндер" ПЦК апталығының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының  кәсіби бухгалтері - Нам Светлана Алексеевнамен кездесу өтті. Кездесуге колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу өте жемісті өтті, оқытушылар мен студенттер көптеген пайдалы ақпарат алды.

Внутренний чемпионат World Skills

2021 жылдың 22-24 желтоқсан күндері "Мирас" колледжі мекемесінде "Киберқауіпсіздік" және "Мобильді қосымшаларды әзірлеу"құзыреттіліктері бойынша World Skills чемпионаты өтті. Конкурстық тапсырманы орындау барысында барлық қатысушылар чемпионатқа дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Бақылаушылар ретінде "Международная школа дизайна и программирования" басшылары   Понкратьева Марина Михайловна мен Нұртаева Ләззат Нұрғалиқызы және "PLUR Solutions" IT компаниясының басшысы Абдуалиев Темірғали Әбілхайырұлы шақырылды. Конкурс қатысушылардың жұмыстарын бағалау CIS жүйесі арқылы өтті.

"Conversation club with native speaker" разговорный клуб

«Мирас» колледжі әр бейсенбі сайын Лео мырзамен "Conversation club with native speaker"өткізіледі.

Тілдесу клубының мақсаты:

  • Ағылшын тілінің меңгерушімен сөйлесу
  • Тілді үйренуге деген ынтасын дамыту
  • Білім алушылардың сөйлесу және тыңдалым барысында тілді түсініп,өз көзқарасын білдіру қабілетін дамыту.