Жаңалықтар

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы" тақырыбынды дебат

Қыркүйек айында "Мирас" колледжі мекемесінде "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы" тақырыбында студенттер арасында әлеуметтік-саяси  мәселелер қозғалып, пікірталас жүргізілді. Оның ең алғашқылары және өзектілерінің бірі Қ.Ж.Тоқаевтың соңғы жолдауы (2022жылғы 1 қыркүйек) болды.

Білім алушылар жаңа жолдауымен танысып, жүргізілген дебатта қатысушалр арасында өте керемет динамикалық, қызықты, белсенді әңгіме болды.

Біздің мақтаныштарымыз!

"Мирас" колледжінің спортшылары Фатима мен Зухра Ирназаровалар Қазақстан құрамасы сапында оқ атудан Ресей ашық кубогының финалында рекордтық ұпай жинады. ВП-12 10 м жаттығуында пневматикалық винтовка "Қозғалмалы нысана" жарысында тең келер ешкім жоқ.Рекорд жарыстың алғашқы күнінде орнатылды.

Фатима Ресей Кубогының ашық финалының абсолютті чемпионы

3-тен 3 алтын

«Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық» мерейтойы

06.09.2022 ж. «Мирас» колледжі мекемесінде «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының» 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.  Ахмет Байтұрсынұлының  ғылыми еңбектері мен әдеби шығармаларын таныстырып, тіл жанашырларының  қанатты сөздерін және өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Тілдер мерекесі. «Тілім-тұғырым» атты іс-шара

05.09.2022 жылы "Мирас" колледжі мекемесі Тілдер мерекесіне орай "Тілім-тұғырым" атты іс-шараға қатысып, білім алушыларымыз Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығы, Шымкент қалалық "Әл-Фараби" кітапханасы және "Абай" кітапханаларымен  бірлесе отырып өз өнерлерін көрсетті. "Отырар" және "Мың" телеарналарына білім алушыларымыз сұхбат беріп өтті.

Білім күні

2022 жылдың 1 қыркүйек күні «Мирас» колледжі мекемесінде «Білім күніне» арналған салттанатты жиын өтті. Ұстаздар қауымы білім алушыларды құшақ жая қарсы алды. Білім алушыларға колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ізгі ниетін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады.

Диплом табыстау іс-шарасы

01.07.2022 ж «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші білім алушыларға диплом табыстау рәсімі өтті.Салтанатты жиында түлектерге колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна құттықтау сөздерін жолдады.Диплом табыстау рәсімін мерекелік концерт толықтыра түсті.Түлектердің атынан студенттер мен ата-аналар сөз алып,колледж ұжымына ризашылықтарын білдірді.Қазақстанның болашағы жастардың қолында.Білім алушыларға ақ жол тілейміз!

“Теңіз толқыны” коллекциясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәдениетті ұлт- мәдениетті ана” республикалық жоба аясындағы “ Ұлттық киім- ұрпаққа мұра” атты фестивальі өткізілді. Бұл іс-шарада “ Мирас” колледжі мекемесі шет қалған жоқ. Атаулы фестивальге “Теңіз толқыны” атты қазақи элементтер қосылған коллекциясымен Шарапова. А.Б.  Құралбаева. Ұ. Д белсене қатысты.

«Үздік оқырман» сайысы

Мирас» колледжі мекемесінде 10 маусым күні «Үздік оқырман-2022» сайысы өтті. Колледж кітапханашысы Г.И.Торебекова жоспар бойынша жасалған жұмыстарына есеп берді.

«Үздік оқырман-2022» сайысы 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлім тақырып бойынша эссе жазу, 2 бөлім интелектуалды ойын.

Кітапханамен үнемі қатынаста, білімдерін жетілдіріп жүрген оқырмандарымызға  арнайы жүлделер берілді.

  • Формуляр бойынша - «Алтын формуляр» Құдайберген Алихан
  • Формуляр бойынша - «Күміс формуляр» Джакупова Балнұр

Колледж директоры Н.К.Абуева  оқырмандарға жүлделерімен құттықтап, кітап оқуға, шығармалар жазып білімдерін дамытуға шақырды.

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық» тақырыбындағы іс шара

2022 жыл 4 маусым күні «Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының рәміздеріне  зо жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық»  тақырыбында іс шара өтті.

Мемлекеттік рәміздер- мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағыарасындағы  сабақтастықтың жарқын бейнесі. Ұлтымыздың  рухын, салт- санасын, халқымыздың қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман –тілегін, үмітін жеткізетін киелі құндылықтар.Мемлекеттік рәміздер-ел дамуының ажырамас бөлігі.

«Қазақстан балалары-біздің болашағымыз» іс шара

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жаңа  кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

«Балаларға ерекше назар аудару керек . Себебі олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының  сенімді кепілі»,-деп атап өтті Президент.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары-біздің болашағымыз» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Жыл сайын бүкіл әлемде жаздың бірінші күні атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз. Бұл мереке әрқашан қуанышты күлкілерге, керемет көңіл күйге  толы!

Біз балаларымыздың дені сау және бақытты болуын, лайықты білім алуы және өмірде өздерін көрсете алуы үшін  қолдан  келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.