Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы

24 қазан күні “Мирас” колледжі мекемесінде «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара мақсаты: ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.