2022 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметінің № 833 қаулысы бойынша «24 қазан –Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілді.
Мерекенің басты мақсаты –кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады.
Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны.
Құрметті әріптестер !!
Кәсіптік мерекеміз құтты болсын! Оқырмандарға сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетіп,жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау ісінде сіздерге қажымас қайрат,шығармашылық табыс тілеймін.