Ерте жүктіліктің алдын-алу

2024 жылдың 15 қазан күні «Мирас» колледжі мекемесінің 1 курс қыздар білім алушылар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар» атты ЖШС клиника 77 медициналық орталығының психологы Егембердиева Лаура Ержановна және гинеколог Бақытқызы Жанамен кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты: жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу.