«Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің «2024 – 2026 жылдарға арналған жазғы сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру жөніндегі» әдістемелік ұсынымына, Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылдың 21 мамыр № 294 н/қ бұйрығына сәйкес , 2025 жылдың 26 мамыр күні «PROFSTART» жобасы аясында кәсіби бағдар беруге бағытталған жазғы оқу лагері өз жұмысын ресми түрде бастады! Әр күн-бір мамандыққа арналған, түсіндіру жұмыстары мен ойындар арқылы балаларды мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жүргізілуде. Балалардың жазғы демалысы мазмұнды әрі қауіпсіз өтеді деген сенімдеміз.
Лагерьге қаламыздағы №120, № 122, № 124, № 125, мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысуда.
https://www.facebook.com/share/p/1BnTQJ3uYj/