Конкурс WorldSkills Shymkent - 2025

12.05.2025 – 16.05.2025 ж. күндері аралығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «WorldSkills Shymkent - 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңі өткізілді. «WorldSkills Shymkent - 2025» чемпионатында жалпы 40 құзыреттілік бойынша 239 қатысушы бақтарын сынады. Чемпионат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша өткізілді.

 

«Мирас» колледжі мекемесінен 9 құзыреттілік бойынша 19 қатысушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Мирас» колледжінің қоржынында:

  • Алтын медаль — 2

  • Күміс медаль — 4

  • Қола медаль — 5

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

https://www.facebook.com/share/p/1LcewnHFxn/