2025 жылғы 19 қыркүйекте «Мирас» колледжі мекемесінде студенттер арасында дәстүрлі Колледж Президентінің сайлауы өтті. Бұл маңызды шараға студенттер белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасады.Сайлау науқаны барысында үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жеткілікті уақыт беріліп, әділ әрі ашық дода ұйымдастырылды. 2025 жылғы 23 қыркүйекте, колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна дауыс беру нәтижелерін ресми түрде жариялап, жаңа Президенттің есімін атады.
Сайлау қорытындысы бойынша: Смаилов Максат Асхатович 55% дауыс жинап, Мирас колледжінің Президенті болып сайланды.
Жаңа сайланған Президентімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы жұмысында сәттілік, белсенділік пен жауапкершілік тілейміз!



