Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 120 жыл

2025 жылы белгілі жазушы, сатирик, ақын Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Асқар ақын» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Іс-шараның мақсаты:

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
  • Оның мысалдарының мазмұнын меңгерту;
  • Тәрбиелік мәнін ашу, оқырманға ой салу;
  • Студенттерді өз ойын ашық айтып, пікірін дәлелдей білуге дағдыландыру.

Дөңгелек үстел барысында студенттер жазушының сатиралық туындылары мен мысалдарын талдап, оның қоғамдық мәселелерге батыл көзқарасын, терең ойы мен өткір тілін жан-жақты талқылады.
Шара мазмұнды пікір алмасуға, шығармашылық ойлауға және әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға сеп болды.