27-28 қараша 2019 жылы «Дизайн күні» өткізілді. Student Hall-да ПВХ мен әуе шарларынан жасалған фото-аймақ және көлемді «ART» сөзі орнатылды. Сонымен қатар «Дизайн күні» аясында шақырылған суретшілер Қыпшақбаева А. Н. мен Кузнецова А. Д. және № 35 орта мектеп оқушыларымен «Космос» тақырыбына мастер-класс өткізілді.
28.11.2019ж. 414 аудиторияда «Қағаз сәулеті» 1-2 курс студенттері арасында «Шығармашылық» және «Ғимараттың тұрақтылығы» аталымдары бойынша жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді командада жұмыс істеуге үйрету, көрнекі мастер-класс және фото-аймақ арқылы әсемдікке баулу. Тапсырманы қысқа мерзімде орындау үшін жауапкершілік сезімін дамыту.
Нәтижесі: «Қағаз сәулет» байқауын өткізгеннен кейін екі команда номинациялар бойынша диплом алды. № 35 орта мектептің оқушылары мастер-класқа белсенді қатысқаны үшін сертификаттар алды.