2020 жылдың 31 наурызында сағат 13.00-де Zoom платформасында онлайн режимінде «Оқу процесінде уақытты тиімді басқару» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Онлайн жиналысқа ИН911р1ф, ИН911р2ф, ИН811k2ф, ИН811к2a топтарының студенттері және шет тілдер секторының кейбір оқытушылары қатысты. Онлайн кездесу барысында презентация көрсетілді, проктастинация бойынша қысқаша сауалнама жүргізілді, уақытты басқару және әдеттер туралы ұғымдарға арналған түрлі кітаптар ұсынылды.
Мақсаты: студенттерді уақытты тиімді пайдалану арқылы оқудағы басымдықтарды анықтаудың оңтайлы әдістерімен таныстыру. Өмірдің үйлесімді ырғағын құра отырып, кернеу мен қалпына келу ұғымын кезекпен дұрыс бөлуге, уақыт пен күшті бөлуге үйрету. Карантин кезеңінде оқуда максималды тиімділікке қол жеткізуге көмектесетін сабақ уақытында студенттердің жеке күнтізбелік жоспарын құруды үйрету.
Нәтижесі: студенттер тек уақытты басқару ғана емес, сонымен қатар олардың қандай әдеттері бар екенін және оларға қанша уақыт бөлетінін бақылау маңызды екенін түсінді. Сонымен қатар, олар уақытты басқарудың тиімді әдістердің ең тиімдісін өздеріне түртіп алды.
Қатыстқандар: 27 адам