14.11.2019ж. сағат 11-30, 204 аудитория «Заң Талабы» ҚБ құқықтық қорғау орталығының лекторы Юнусов Мурад Авазович «Адамдарды емес, вирусты қуып шығыңыз» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты жеке, құпия ақпаратты таратпау мәселелері бойынша, әсіресе АИТВ/ЖИТС жұқпасы сияқты қандай да бір аурулар болған жағдайда, халыққа құқықтық қорғау көрсету. Сонымен қатар, дәріскер жастарға өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектесетін ұсыныстар берді, маргинализация, стигма, кемсітушілік ұғымдарын ашты. Қазақстан Республикасының Конституциясынан құқықтық мәселелер бойынша дәйексөз келтірді. Буклеттер таратылды.