21 қараша 2019 ж. 312 аудиторияда лектор университеттің т.ғ.к., ассоц. профессор Султанова В.И. «Қазақстанның діни ахуалы» тақырыбында 1 курс студенттеріне дәріс оқыды. Әңгіме барысында лектор діни саланы реттейтін заңнамаға қандай түзетулер қарастырылғанын және елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі сақтау үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанның діни палитрасы 18 конфессиядан тұрады. Олардың мүдделерін біздің қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге қомақты үлес қосатын 3715 діни бірлестік ұсынатыны жайында және діни саладағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін балама санкция туралы Султанова В.И. айтып берді. «Деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» ұғымдарын жайлы сөз қозғады. Кездесу соңында студенттерге БҒМ қорынан «Покаяние» атты бейнеролик көрсетілді.