28.03 2017 Абай паркінде "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясы өтті.
Акция ұйымдастырушылары Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің қызметкерлері болды. Қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама және түрлі дәмділер дайындалды. Қызыл кітапқа енген және парк аумағында өмір сүретін жануарлармен жәндіктердің көрмесі өтті.
Сонымен қатар парк қызметкерлері акция қатысушыларымен бірге ағаштар отырғызды.
Қамқор болыңыздар, табиғатты бірге құтқарайық.