Мирас Аруы

Мирас Аруы

3 айға жуық уақыт бойы Instagram әлеуметтік желісінде @mirasuniversity парақшасында «Мирас аруы» онлайн-сұлулық байқауы өтіп, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз ару бас жүлде – 200 000 теңгеге ие болды!

Байқау 4 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде барлық ниет білдірген қыздар (айта кетейік, байқауға қатысушылар тек Мирас университетінің студенттері ғана емес, бастысы, олардың 16-дан 23-ке дейінгі жас санатына сай келуі талап етілді) өз парақшасына өзінің ең үздік фотосуретін салуы керек болатын. Одан әрі байқау әкімшілігі келесі кезеңге өтетін 25 қатысушыны іріктеп алды.

Екінші кезең жаңажылдық және ертегіге тән ахуалда өтті. Қыздар әдемі фотосессияға қатысты. Фотосуреттер @mirasuniversity парақшасына салынып, осы жерде қатысушылардың суретіне дауыс беру өткізілді. Бұл жолы осы байқаудың көрермендері, яғни жазылушылар байқауға қатысушы қыздардың тағдырын өздері айқындады.

Үшінші кезеңге барынша көп дауыс жинаған 10 қатысушы өтті. Бұл кезең «Кейпін өзгерту» деп аталды, ол туралы атауының өзі-ақ айтып тұр. Сұлу арулар Дана Мұхамедқызының make up студиясында бар батылдығы мен «дейінгі және кейінгі» сұлулығын көрсетті. Қатысушы қыздардың «өзгерген кейіптері» де жазылушылардың талқысына ұсынылды, онда «әділқазылар» 5 қатысушыны таңдап, ақтық сайысқа жолдама берді.

Ал ақтық сайыста байқауға қатысушылар өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Олар өздері басты рөлде ойнаған қызықты «вайндарды» (танымал бейнетвиттер) түсірді. Бұл жолы байқауға қатысушылардың өнерін Шымкент қаласының блогерлері, музыканттар, визажистер мен БАҚ қызметкерлерінен тұратын сатылмайтын әділқазылар бағалады.

«Мирас Аруы 2017» байқауында Мирас университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 1 курс студенті Әбдісаттарова Диана жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!

Еске сала кетейік, мұндай сұлулық байқауларын Мирас университеті жыл сайын өткізеді, оған қатысу үшін @mirasuniversity парақшасына жазылып, жаңалықтарды қадағалап отырсаңыз жеткілікті! Және, әрине, байқаудың барлық кезеңдерінен табандылықпен өту керек! Сәттілік тілейміз!

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...