Наурыз мейрамының қарсаңында студенттермен мұғалімдердің ұйымдастыруыменен университетте көктемнің алғашқы мейрамын қарсы алу өтті!
Барлығы жақсы өтті деп айту аз. Барлығы "ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ, ҚЫЗЫҚТЫ, КӨҢІЛДІ" өтті
Әр бір кафедра ұлттық тағамдар қойылған дастарxан жайуы қажет еді. Әр кафедраға орындар беріліп мынандай номинацияда сыйлықтар берілді:
- Үздік ұлттық киім - Педагогика және дизайн.
- Үздік наурыз көже - Педагогика және дизайн.
- Үздік дастырxан - Химия және Биология.
- Үздік бауырсақтар - Тілдер кафедрасы.
- Үздік ұлттық тағамдар - Қаржы, Есеп және аудит, Тариx және құқық кафедрасы.
Және де ұлттық салт-дәстүр болып саналатын "Тұсау Кесер" дәстүрі болды.
Әр кафедра тағамдарды сатты, тапқан табыс қайрылымдылыққа Балалар үйіне өткізілді.
Мейрам өте керемет өтті,барлық қатысушылар ән салып,би биледі. Өйткені біздің үйіміз бір - Мирас.