2017 жылдың наурыз айында Мирас Университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (IQAA)институциялық аккредитациядан өтті.
Академиктер ортасынан, халықаралық сарапшыдан, жұмыс берушінің өкілінен және студенттердің өкілінен құралған сараптау комиссиясы 3 күннің ішінде университеттің оқу корпустарын, материалдық-техникалық базасын көзбен шолып қарап шықты, сабақтарға қатысты, университеттің құжаттамасымен танысты, Президент пен проректорлардан бастап студенттер мен жұмыс берушілерге дейінгі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен сұхбат жүргізді.
Аккредитациядан өткендігі, Мирас Университеті тарапынан көрсетілетін білім беру қызметтерінің жоғары сапасын, оның ұлттық және халықаралық деңгейлерде бәсекелесу қабілетін, сондай-ақ Еуропаның білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттары мен қағидаттарына сәйкес келетінін растайды.