«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы, «Жас Өркен» бағдарламасының форматында іске асырылатын, 2017 жылғы жоо-ның дарынды түлектерін іздеу, іріктеу және оқыту жөніндегі бастамасын жариялайды.. Мирас университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында Тағылымдамалар бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Біз ең дарынды 20 студенттің ішінен команда құру үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан түлектердің барынша көп санын тартуға мүдделіміз. Өз ісінің кәсіпқойы болғысы келетін және Қазақстан Республикасының үздік ұлттық компанияларында өз мансабын бастағысы келетін 2017 жылғы түлектер қатысуға шақырылады.
«Жас Өркен» бағдарламасының шеңберінде, «Самұрық-Қазына» Қорының бизнес-серіктестері – Deloitte и BCG компаниясының қолдауымен және Корпоративтік университеттің негізінде оқыту іс-шаралары жүргізілетін болады. Бағдарламаның міндетті құрамдас бөлігі – Қор компанияларының бөлімшелерінде, компаниялардың топ-менеджерлерінің қарамағында 2 жыл бойы бес айлық тағылымдамадан өту. Конкурстың жеңімпаздарына жыл сайынғы шәкіртақы төленіп тұрады, тағылымдама орнына қатынауына және орынжайына ақы төленеді.