Конференция Антикоррупция

Конференция Антикоррупция

Мирас университетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық конференция өтті.

31.03.2017ж.  Қазақстан Республикасының мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруы бойынша Мирас университетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық конференция өтті. Конференция арнайы бағдарлама арқылы жүргізілді. Конференцияның ашылуын модератор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Ғабитұлы ашып, баяндамашыларға арнайы сөз берді. Мирас университеті тарапынан, Мирас университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Султанова Валида Илашбаевна студент жастарға облысымыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқандарын, студенттер болашақ зиялы қауым және еліміздің негізгі стратегиялық бағытын жүзеге асыру жастардың қолында екендігін атап өтті. Және де,  Мирас университетінің «Экономика менеджмент және туризм» кафедрасының экономика ғылымдарының докторы, профессор Купешев Алмас Шораевич,  сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екенін,  Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсеткені туралы айтып өтті.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Мұсабекова Гүлжан Есенқызы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары, сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру сипатындағы консультациялар беріп өтті.

«Нұр Отан» партиясының өкілі Молдабеков Бауыржан «Академиялық адалдық және таза сессия» тақырыбында  баяндама жасады. Яғни, академиялық адалдық – бұл  кез келген бағалау жұмыстары кезінде тәртіпті сақтау, бағалау жұмыстарына қалыптастырушы және қорытынды жұмыстарының, жобалау жұмысының кезкелген түрлері екенін, Таза сессия" акциясын ұйымдастыру және жүргізу керек екенін, «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу мәселелері айтып түсіндіріп өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Ғабитұлы «ЖОО сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениет негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән оқытылатынын, әрбір азамат жемқорлыққа қарсы болу керек екенін, әрбір адамның мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті болу керек екенін,  біздің алдымызға қоятын мақсатымыз ол – оқулық екенін жете түсіндірді.

«Мирас» университетінің тарих ғылымының кандидаты, аға оқытушысы Мурат Арман «Намыс пен адалдық» тақырыбында баяндамасында адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындырды, адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндірді.
            Шымкент қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының «Жас Отан» жастар канаты өкілі Арусов Дамир «Біз адал және сатылмайтын жастар келбетін қолдаймыз» тақырыбында баяндама жасады.Рухани   адамгершілік    және  азаматтық   -   патриоттық   тәрбиелеу   контекстінде   сыбайлас    жемқорлыққа   қарсы   мәдениетті  білім ордаларында қалыптастыру,  іс  -  шаралар   жоспарын құру керек екенін айтып өтті.  

Конференция соңында сыбайлас жемқорлыққа байланы бейне материалдар көрсетіліп, Мирас университеттінің студент жастарымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты ұранмен ұрандатты.

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...